30.10.2026
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы Жақсы ауданының тұрғындарын балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдауға шақырады.
👥 Қабылдауға кімдер жүгіне алады? Кәмелетке толмағандар, ата-аналар және заңды өкілдер.
📌 Қаралатын мәселелер:
🔹 Қорғаншылық және қамқоршылық;
🔹 Отбасылық әл-ауқат;
🔹 Әлеуметтік қамтамасыз ету;
🔹 Буллинг (қорқыту, мазақтау);
🔹 Білім беру;
🔹 Басқа да мәселелер.
📅 Күні: 2026 жылғы 4 қараша
🕙 Уақыты: сағат 10:00-де
📍 Өтетін орны: «Жақсы ауылының мектеп оқушылары үйі» КММ (Жақсы ауданы білім бөлімінің жанынан)
Мекенжайы: Абай көшесі, 33Б.
🤝 Жақсы ауданының тұрғындарын қоғамдық қабылдауға қатысуға шақырамыз! Әр баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз!